05 нау, 2018 сағат 06:34

Қазақстандық «Бастау» домбырашылар тобы Голливудта өтетін әлемдік шоуға жолдама алды

Қазақстандық «Бастау» домбырашылар тобы Голливудта өтетін әлемдік шоуға қатысуға жолдама жеңіп алды. Бұл туралы топтың продюсері Алпамыс Шаримов өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

«Бастау» тобы Латвия астанасы Ригада өткен "Восходящие звезды" xалықаралық байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болды. 

«Сүйінші!!! «Бастау» тобы Латвия астанасы Ригада өткен "Восходящие звезды" xалықаралық байқауына қатысып, әртүрлі музыкалық аспаптарды артқа қалдырып, қазақ домбырасымен БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды!!! Басты сыйлық - Hollywood-та өтетін үлкен шоуға жолдама алды!!! Құтты болсын, Қазақ елі! Қуан, Қазақстан! Голливуд, кездескенше!!! Бізге қолдау көрсеткен Айман Қожабекқызы Мұсаxоджаева xанымға мың алғыс!!!» – деп жазды Алпамыс Шаримов.

Домбырашылар байқауда «Күй тартыс» және «Евразия» күйлерін орындаған. Нәтижесінде, «Бастау» тобы Голливудта өтетін үлкен әлемдік шоуға қатысу мүмкіндігіне ие болды.