Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жеңілдікті Қазақстандағы ең ірі жанар-жағармай құю стансылары желісіне ие «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС ұсынып отыр.
«12 сәуірден бастап «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю стансысы желісінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы көктемгі кезеңде 4 теңгеге арзандап, литрі 159 теңгені құрайтын болады», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-ның бөлшек сауда желісі 340-тан астам жанармай құю стансысын қамтиды. Олар қалаларда, республикалық маңыздағы негізгі тас жолдарда, сондай-ақ Қазақстаннның шалғай ауылдық аудандарында орналасқан.