Ақтөбеде Білім және ғылым министрінің арнайы бұйрығымен таныстырған шенділер мектеп киім үлгісін сақтамаған оқушы қыз балалар саны 179 болғанын хабарлады, деп жазады жергілікті басылым.
«Олардың ата-аналарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстары қазіргі күнге дейін жүргізіліп отыр. 111 оқушы мектеп формасына ауысып, кимешек, орамалын шешті, ал 21 оқушы отбасылық жағдайларына байланысты басқа облыстарда орналасқан оқу орындарына ауысты. 1 оқушы денсаулық жағдайына байланысты үйде білім алады. 2-і емдеу мекемелерінде ұзақ мерзімді емделіп жатыр», — деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Бүгінде Ақтөбе қаласындағы мектептерге 44 оқушы қыз орамал тағып келіп жүр.
Мектеп формасына қатысты № 40, 49, 13, 36, 62, 23, 8, 60 және 48 орта мектептерінің ата-аналары сотқа жүгінген болатын. Алайда, қалалық сот оларды қанағаттандырмады.