Жезқазған қаласындағы 6505 әскери бөлімінің оқу полигонында жауынгерлік оқу-жаттығу кезінде бір әскери қызметші жеңіл жарақат алды.
Фото: Kazinform
Оқиға 12 қыркүйекте жауынгерлік дайындық кезінде болған. Оқу-жаттығу алаңында Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жауынгерлері атыс жаттығуын өткізген.
«Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан офицер аяғынан жеңіл жанама жарақат алған. Оған сол жерде барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оның жағдайы бірқалыпты деп бағаланды, өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған», — деп хабарлады Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қызметтік тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, мұның алдында Ақтауда әскери қызметші абайсызда тиген оқтан көз жұмған еді.