08 мау, 2021 сағат 02:00

Жеңіл атлет Мария Овчинникова Олимпиада жолдамасын иеленді

Жеңіл атлет Мария Овчинникова Олимпиада жолдамасын иеленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

«Осы күндері Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Мария Овчинникова Токио Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды. Мария өзінің ең жақсы мүмкіншілігінде 14.34 метр нәтиже көрсетті», делінген хабарламада. 

Спортшы жүгіріп келіп ұзындыққа секіруден осындай нәтиже көрсеткен. 

Еске сала кетсек, 7-9 маусым аралығыннда Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 241 спортшы қатысады. Жарыс кестесін qazathletics.kz сайтынан көруге болады.