ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облыс Байзақ ауданындағы төтенше оқиға бойынша сағат 13:00-дегі жағдай туралы жедел деректерді мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам қаза тапты. Оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы Жедел штаб мәлімдеді», - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Төтенше жағдайды жоюға:
- ТЖМ-153 қызметкер, 46 техника,
- ДП-400 қызметкер, 54 техника,
- №28349 ә/б-8 қызметкер, 2 техника,
- №5513 ә/б-273 әскери қызметші, 12 техника жұмылдырылды.
Ұлттық Ұлан - 520 адам және 250 адам резервте.
Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Жамбыл облысының ТЖМ және ТЖД жедел желі ашылды ТЖМ телефондары – 33-32-89, 53-32-79, ТЖД - 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109.
Айта кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.