13 қаң, 2026 сағат 16:01

Yenlik әлемдік COLORS жобасында өнер көрсетті

Фото: Youtube

Yenlik әлемге танымал A COLORS SHOW музыкалық жобасының қонағы атанып, аталмыш жобаға шыққан алғашқы қазақстандық әнші атанды, деп хабарлайды Ult.kz.

Орындаушының айтуынша, оның жобада таңдалуына музыкалық стилінің ерекшелігі және қазақ тілінде ән айтуы әсер еткен.

Yenlik-тің COLORS-тағы өнері кеше, 12 қаңтар сағат 22:00-де жарық көрді.

Айта кетсек, COLORS – Германияда құрылған, YouTube платформасында танымал музыкалық жоба. Бұл жобаға бұған дейін әлемге танымал Билли Айлиш, Дрейк, Joji, Tyla сынды әншілер қатысқан.