Аустралияның Сидней қаласында өткен Vivid Sydney фестивалі кезінде 90-ға жуық дрон істен шығып, жерге құлап түсті, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға Darling Harbour ауданында болған. Шоуға жауапты компания GPS жүйесінде ақау шыққанын хабарлады.
Кейін бірнеше шоу уақытша тоқтатылған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.