Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке барды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның айтуынша, Президент Санкт-Петербургке Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекет басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін барған.
"Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытудың және Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр", - деп жазды Берік Уәли.
Сурет: Facebook\Берік Уәли