Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президентін Түркия астанасы "Есенбоға" халықаралық әуежайында Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлға күтіп алды.
Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.
Бұған дейін Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамырға жоспарланған Түркияға мемлекеттік сапары елдер арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті кеңейтудегі маңызды кезең болады деген болатын.