24 мау, 2019 сағат 11:02

Президент Арыста болған жарылысқа байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыста болған жарылысқа байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

«Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қ. әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет», деп жазды Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында.