24 мам, 2021 сағат 18:41

Теннис: Александр Бублик әлемдік рейтингіде 37-орынға көтерілді


Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жаңадан жарияланған әлемдік рейтингіде 37-орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, бұл осыған дейін 38-сатыда болған Бубликтің рекордтық көрсеткіші болып табылады. 

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин 100-ден 105-ке, ал Дмитрий Попко 193-тен 194-ке сырғыды.

Попко Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайды.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 22-інші, Зарина Дияс 93-орнын сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева 35-тен 43-сатыға жайғасты.