14 ақп, 2025 сағат 16:46

Тамара Дүйсенованың орнына жаңа вице-премьер тағайындалды

Фото: Sozmedia.kz

Ермек Көшербаев премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда таратқан мәліметте. 


Бұған дейін Көшербаев ШҚО әкімі қызметін атқарып келді. Ал премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарып келген Тамара Дүйсенова президент көмекшісі болып тағайындалды.