29 там, 2024 сағат 10:51

Спортшыларға ақша аямайды, білімді балаға дым жоқ — Асқар Жұмаділдаев


Академик, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев «Ой-лайық» подкасында спортшыларға жасалатын жағдай білімді балаларға жасалмайтынына қынжылатынын білдірді, — деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Qazaq Today ақпарат порталына сілтеме жасап.

Ғалым бұрынғы Олимпиадалардан мысал келтірді. Оның сөзінше, спортшылар арасында чемпион шықса, бәрі үйіп-төгіп сыйлық беруге құмар.

"Кеше де чемпион шықты. Біреудің мұрнын бұзып еді, оған машина да берді, жүз жылқыны да берді, түйені де берді — бәрін де береді. Ойлап қарасаңыз, осындай жетістіктерге балаларымыз да жетіп жатыр ғой. Математикадан жыл сайын ұтып жатыр. Неге соларға ең болмағанда біреуі бір велосипед бермейді?! Бір спортшы шықса, оған үйіп-төгіп Үкімет те береді, кейін допинг болып шыға келеді. Кезінде бүкіл зілтемірші допингпен шығып, бірақ ешқайсы сыйлығын қайтарған жоқ", — деді ғалым.