28 қаң, 2026 сағат 11:18

Шарын шатқалында Қызыл кітапқа енген сабаншы видеоға түсіп қалды

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әлеуметтік желідегі парақшасында сабаншының (манул) видеосын жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.

«Бұл видео - жабайы табиғатта ең сирек кездесетін әрі әсерлі сәттердің бірі. Сабаншы - мысық тұқымдасына жатады, сақ, көзге түсе бермейді. Мұндай кадр парк экожүйесінің тұрақты екенін дәлелдейді», - делінген хабарламада. 


Айта кетейік, Қазақстанда сабаншы қатаң қорғалады, Қызыл кітапқа енген.