24 ақп, 2025 сағат 16:57

Руслан Берденов Шымкент әкімі орынбасары болды

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Руслан Берденовтің Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Экс-депутат бұл қызметке президент әкімшілігінің келісімімен тағайындалды. Бұған дейін (2023 жылдың наурызынан бері) ол "Respublika" партиясынан Мәжіліс депутаты болып, қаржы және бюджет жөніндегі парламенттік комитеттің құрамында жұмыс істеген.

Әкімдік мәліметінше, Руслан Берденовтың мамандығы – қаржылық менеджмент бойынша іскерлік әкімшілік магистрі.

Мәжіліске сайланғанға дейін жаңа әкім орынбасары ең алдымен кәсіпкер ретінде танылған. 2012-2018 жылдар аралығында "Ақ ниет" ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарған. Кейін компанияның бақылау кеңесіне мүше болды.

2019-2023 жылдары Aq Niet Group бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл топқа екі дәріхана желісі (Europharma және Arzan Pharm) және Emart азық-түлік дүкендері желісі кіреді.

Депутат ретінде Берденов букмекерлерге қарсы қатаң күрес жүргізумен танылды. Ол құмар ойындарға тәуелділікпен күресу мақсатында ставкалар нарығын шектеуді ұсынды.

Оның құмар ойын бизнесі өкілдерімен текетіресі тіпті "Қазақстан Букмекерлер Ассоциациясы" тарапынан азаматтық шағым түсіруге дейін жетті.

Алайда, сотта букмекерлер жеңіліп қалды.