12 жел, 2024 сағат 17:00

Румыния мен Болгария 1 қаңтардан бастап Шенген аймағына кіреді

Фото: schengenvisas.com

Бұл өзгеріс Аустрия дүйсенбі жаңа елдердің аймаққа қосылуына қарсы болмайтынын мәлім еткен соң жүзеге асты. 

Екі ел Еуроодаққа 2007 жылы қосылды. Олар 2024 жылдың наурызында Шенгенге біртіндеп кірді. Әуелі 27 мемлекетпен әуе және теңіз шекарасындағы бақылау алынып тасталды. 

Тек Аустрияның заңсыз көші-қонға қатысты  қауіптенуінен кейін шекарада бақылау қалдырылған еді. 

Таяуда Румыния мен Болгария Мажарстанмен шекара қорғау кешені жөніндегі келісімге қол қойды. Содан кейін Аустрия Шенген аймағына жаңа елдердің қосуылуын мақұлдады.