11 мам, 2025 сағат 14:14

Путин түнделетіп маңызды мәлімдеме жасады

Фото: Риа Новости

Ресей президенті Украинамен тікелей келіссөздер өткізуге дайын әкенін жеткізді, деп хабарлайды Ult.kz

Путин 2022 жылдың соңында үзіліп қалған Украинамен тікелей келіссөздерді ешқандай алдын ала шартсыз қайта бастауға ұсыныс жасады.

Путин украин делегациясын алдағы бейсенбі, 15 мамыр күні Стамбулға шақырды.

Ертең Путин Ердоғанмен телефон арқылы сөйлеседі, ол Түркия президентінен келіссөздерді ел аумағында өткізуге рұқсат беруін сұрайды.

"Ресей Түркияда өтетін келіссөздер барысында қандай да бір бітімге келу, оқ атуды тоқтату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізу мүмкіндігін жоққа шығармайды, ал одан кейін тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге болады деп есептейді", - дейді ол.