11 қар, 2025 сағат 10:30

Президент әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен шағымды 12 күн ішінде қарауды тапсырды

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымға байланысты Бас прокурорға арнайы тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады Ult.kz.

Оның айтуынша, Президент Бас прокуратураға аталған шағымды 12 күн ішінде қарап, істі тергеу барысында заңның толық сақталуына баға беруді міндеттеді.