Фото: ҚР ТЖМ
«Қазцинк» кәсіпорнының Өскемендегі өндірістік аумағында шаң ұстайтын құрылғы жарылып, соның салдарынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Алғашқы деректерге сүйенсек, жарылыстан кейін ашық жану байқалып, ғимараттың бір бөлігі опырылған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар штаб құрып, аумақты тексеру мен зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын қолға алған.
Кейінгі мәлімет бойынша, өрт оқшауланып, қазіргі уақытта мамандар қираған құрылымдарды бөлшектеу және жану ошақтарын толық жою жұмыстарын жүргізуде.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, төрт адам медициналық мекемелерге жеткізілген. Олардың жағдайы нақтыланып жатыр.
Оқиға орнында 40-қа жуық қызметкер мен 10 техника жұмыс істеуде. Жедел штаб құрамына түрлі мемлекеттік органдар мен өзара іс-қимыл қызметтерінің өкілдері тартылған. Өрттің нақты аумағы әлі де анықталуда.
