05 мам, 2026 сағат 11:43

Олжас Бектенов Өскемендегі жарылысты жеке бақылауына алды


Фото: ҚР ТЖМ
Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде болған жарылысты жеке бақылауына алды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.

 "Біріншіден, Өскеменде болған жарылысқа қатысты таңертең қажетті тапсырмаларды бердім. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктері, облыс әкімдіктері қажетті шаралар қабылдап, маған баяндаңыздар. Мәселе менің жеке бақылауымда болады", — деді Үкімет отырысын ашқан Премьер-министр.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, — Өскемен қаласында орналасқан кәсіпорын аумағында апат болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шаң сүзу цехындағы құрылғыда газ бен ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылған.