© Bluraymania.com.ua
Соңғы жылдары елімізде кино түсіру сәнге айналып, комедия жанрындағы фильмдер қатары көбейді. Дариға Бадықова да “Таптым ау сені 2” атты кино түсіріп, желіде көрермендердің таңдауына шүйлікті.
Актрисаның киносына келушілер аз болды ма? Бадықова желідегі парақшасында Голивуд фильмдерінен асып түседі деп туындысын мақтап жүр.
“Ана бір мультикке қарағанда кино күшті. Сендер қазір мултикке барып қыртып жатырсыңдарғой! Мен сендердің неге Голливудқа барып жүргендеріңді, шапан кигізіп, ақша беріп жүргендеріңді түсінбеймін”- деді актриса.
Оның бұл мәлімдемесіне желі қолданушылары бірқатар пікір білдірді. Кейбіреулер “қазақ киносын қолдайық” десе енді біреу “мағынасыз, сапасыз кино” деп сынады. Ал желді қолданушы Ержан Бағдат Дариға Бадықованың айтқандарымен келіспейтінін жеткізіп, Дариға Бадықованы «однотипный, токсичный, стервозный әйелдердің рөлдерін сомдайды» деп сынады.
“Моанаға емес, менің кинома келіңдер дейді. Менің кином жақсырақ, басымды тік көтеріп айтамын дейді. Мен сендердің киноларыңа бармаймын! Сендердің киноларыңа халық барса құтырып кетесіңдер ғой” -деді ол.
Сондай-ақ ол қазіргі таңдағы қазақ киноларында мән-мағына жоқ дейді.
“Мен қазір Моанаға барып келдім зор екен! Ертең тағы Голивудтың киносы шыға ма? Соған да барамын. Түсірсеңдер “нормально” кино түсіріңдер. Мағынасы мәні бар тарихи кино түсіріңдер”, - дейді Ержан Бағдат.