03 там, 2024 сағат 22:22

Нариман Құрбанов гимнастикадан Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды

Фото: ҰОК

Қазақстандық Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуында жүлдеге ие болды. Ол жаттығуы үшін 15,433 ұпай алды.

Ал ирландиялық Рис Маккленаган (15,533) олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды. 

Бұл – осы спорт түрінен Олимпиада ойындарында алған тұңғыш медалі.