Қазақстан шахмат федерациясы Самарқандта өткен 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс жүлде иеленген әйелдер құрамасына 100 миллион теңге көлемінде сыйақы төлейді, деп хабарлайды ult.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы сапында күміс медаль жеңіп алған Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Қамалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиеваның әрқайсысы 20 миллион теңгеден сыйақы алады.
Федерация құраманың бапкерлерін де марапаттайды. Команда капитаны әрі бас бапкер Павел Коцур мен бапкер Александр Моисеенкоға 20 миллион теңгеден, ал Арыстанбек Оразаевқа 5 миллион теңге беріледі.
Осылайша, шахматшылар мен бапкерлерге төленетін сыйақының жалпы көлемі 145 миллион теңгені құрайды.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы 2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында да екінші орын иеленген. Сол кезде де әр шахматшыға 20 миллион теңгеден сыйақы берілген.