«Құрметті достар! Мен үшін Парламент Сенатының төрағасы болып сайлану - үлкен жауапкершілік әрі Мемлекет басшысының және сенатор-әріптестерімнің тарапынан көрсетілген зор сенім», - деп жазды бүгін ҚР Парламенті Сенатының жаңа сайланған төрағасы Мәулен Әшімбаев.
«Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Ең бастысы, Елбасы саясатының сабақтастығын сақтай отырып, Президентіміздің игі бастамаларының іске асырылуын қамтамасыз ету. Сондықтан заң шығару жұмысын сапалы ұйымдастыруға баса мән береміз. Осы жолда аянбай еңбек етіп, бар күш-жігерімді жұмсаймын. Ақ жарма тілектеріңіз бен жылы лебіздеріңіз үшін көп рахмет! Өздеріңізбен әрдайым ынтымақтаса жұмыс істеуге дайынмын», - деп жазды Сенат төрағасы өзінің Facebook парақшасында.