26 шіл, 2024 сағат 11:14

Қостанай тұрғыны Ұланғасыр Қамидың үстінен арыз түсірді



Фото: ашық дереккөзден

Қостанайлық Саида Сисембаева (Facebook-те Saida Kastaneda)  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне әнші Ұланғасыр Қамді әлеуметтік және гендерлік алауыздық тудырды деп айыптап, арыз жазған, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат"

"Ақыры "дәстүрлі" депутаттар неге екені белгісіз бұл Ұланғасыр Қами деген даулы азаматтың үстінен арыз жазбаған екен, олардың орнына мен жаздым", -дейді Сисембаева өзінің әлеуметтік парақшасында.


Саида Сисембаева өз арызында ҚР ҚК-нің 174-бабына сәйкес, Қамидің әлеуметтік және гендерлік алауыздықты қоздыру, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ақтау туралы мәлімдемелерін тексеруді сұрады. Ол өтінішінің тіркелгенін және Қамдіктің үстінен қылмыстық іс қозғалатынын немесе бойкот жарияланатынын күтіп отырғанын айтып өтті.

Ол Қамидің видеосында Конституцияға қайшы келетін мәлімдемелер бар екенін атап өтті. 

Бұған дейін Ұланғасыр Қами күйеулері әйелдерін хиджаб кимегендіктен өлтіретінін айтып, даулы мәлімдеме жасаған еді.