28 нау, 2024 сағат 12:01

Қостанай облысында су басқан елді мекендерден 150 адам құтқарылды


ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарында және Қостанай облысының 9 қыстағында тұрғындарды эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған шара Қорғаныс министрлігінің Әуе кемелерінің көмегімен жүзеге асырылды.

Осылайша, жалпы саны 150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды. Олардың 63-і кәмелетке толмағандар.
Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.