7 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 670 адам анықталды, 18 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. ПТР-тест нәтижесі оң шыққан науқастар арасында бір күнде 8 адам өлімі тіркелді. Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болған.
Өткен тәулікте Павлодар облысында - 104, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында әрқайсында 75 адамнан коронавирус анықталған. Дүйсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында - 71, Алматы қаласында - 65, Атырау облысында - 61, Ақмола облысында - 60, Нұр-Сұлтанда - 41, Батыс Қазақстан облысында - 40, Қарағанды облысында - 30, Алматы облысында - 23, Жамбыл облысында - 18, Түркістан облысында - 4, Шымкент қаласында - 2, Маңғыстау облысында 1 адамға Covid диагнозы қойылған. Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында науқас тіркелмеген.
Билік аймақтағы коронавирус пневмониясы есебін сирек жариялайды. 1 тамыздан бері 43 124 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 31 мыңға жуығы жазылған, 456 адам қайтыс болған.
Наурыз айынан бері 137 653 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Осы уақыт аралығында ПТР-тест нәтижесі оң көрсеткен науқастар арасында 2096 адам өлімі тіркелген. Наурыздан бері 120 мыңнан астам адам жазылған.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сенсек, Қазақстанда коронавирустан 14 210 адам емделуде.
Осы уақытта еліміздегі стационарларда 3 803 науқас жатыр, 10 427 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 246 адамның денсаулық жағдай нашар. Соның ішінде 31 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр, 36 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.