24 мау, 2019 сағат 09:50

Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы әскери бөлім қоймасында болған жарылысқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«24 маусым күні Түркістан облысының арыс елді мекеніне жақын жерден өрт тұтанып,  әскери құралдардың жарылуына әкеп соқты. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда», - делінген ресми мәліметте.

Министрлік тарапынан оқиға орнына арнайы комиссия жөнелтілді.

Ресми мәліметке сүйенсек, Қарулы күштердің жеке құрамы апатты жою және салдарын азайту бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, арнайы шұғыл желі ашылды.