10 қар, 2024 сағат 12:35

Қордай ауданында 17 жасар қыздың денесі табылды

Фото: Астана әкімдігі

Жамбыл облысы полиция департаменті бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Kazinform ХАА.

"Қордай ауданында қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді", — делінген полиция департаменті хабарламасында.