27 сәу, 2020 сағат 10:10

Келесі айда да азаматтарға 42 500 теңге көлемінде көмек беріледі - Президент

Келесі айда да азаматтарға 42 500 теңге көлемінде көмек беріледі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде аталып өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді. Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылады», - деді Мемлекет басшысы. 

Осы орайда Президент мұқтаж отбасыларға азық-түлік берілетінін атап өтті.