«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңыздағы «Нұр-Сұлтан – Щучье» ақылы автомобиль жолындағы ақау туралы түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоға сілтеме жасап.
«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, респбликалық маңыздағы «Нұр-Сұлтан – Щучье» ақылы автомобиль жолын пайдалану кезінде Ақмола облысының Шортанды кентінен 75 шақырым тұсында жолдың металл плитасының ашылуы түрінде ақау пайда болған.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Ақмола облысының Шортанды аудандық ТЖБ бірлесіп комиссия құрып, жолдың ақау шыққан жерін тексерді. Комиссия жолдың осы тұсында автокөліктің барлық түріне уақытша қозғалысына шектеу қойды. Көліктер Мықтыкөл және Дамса ауылдары тұсындағы айналма жол арқылы өтуде. Анықталған ақау қысқа мерзім ішінде жойылады», делінген компания хабарламасында.
Айта кетейік, әлеуметтік желі арқылы аталмыш жолдың асфальт төсендісі көліктер өткен кезде шайқалып тұрғандығы туралы видеожазба тараған болатын.