11 мам, 2021 сағат 17:38

Қазандағы атыс: Татарстанда аза тұту күні жарияланды


Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың тапсырмасы бойынша республика үкіметі №175 Қазан гимназиясында болған қайғылы жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына өтемақы тағайындайды. Бұл туралы Татарстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің жетекшісі Лилия Галимова мәлім етті, деп хабарлайды Татар-информ ақпарат агенттігі.

Соңғы мәліметтер бойынша №175 Қазан гимназиясында болған атыс кезінде 9 адам қаза тауып, 21 адам түрлі ауруханада жатыр.

Қайғылы жағдайға байланысты Татарстан Президенті Рустам Минниханов 12 мамырды республикада аза тұту күні деп жариялады. 

Еске сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын.