04 жел, 2020 сағат 11:49

Қазақтар неге шетелге көше бастады?

Соңғы кездері расында "Түркиядан пәтер алдым немесе сол жаққа көштім" деген азаматтар саны көбеюде. Қызық үшін Анталия, Измир, Стамбул сынды қалалардағы үй бағасын салыстырып қарап шықтым. Бізбен шамалас.

Алания, Мерсин, Кония сынды қалаларында бізден төмен. Ауа-райы жылы. Түркия әрине АҚШ емес, бірақ бізден алда. Көп жағдай жасалған. Қазақстанға келу 4-5 сағаттық жол. Ыңғайлы. Ол түсінікті.

Кезінде Түркиядан байлар үй алса, қазір орта тап та пәтер алатын, Астана мен Алматыдағы пәтерін сатса да Анталия, Стамбулдан орнына бірге бір пәтер бағасы келетін деңгейге келдік. Енді орта деңгейдегі қазақтардың Алматы мен Астана емес алыс-жақын шетелге көшу процесі ақырындап басталғандай.

Әрине әр адамның, отбасының өз таңдауы. Дегенмен ойланатын жағдай. Бүкіл әлем мен жер планетасын адамзатқа ортақ дүние деп қарайтын, шет тілін еркін меңгерген ұрпақ өсіп келеді. Осылай кете берсе, кейінгі буын есейгенде бұл процесс еселеп артуы мүмкін.

Жалпы не үшін қазақтар шетелге көше бастады? Қандастарды шақырып алып, өзіміз кетіп жатқан жоқпыз ба? Мұның әлеуметтік, психологиялық астары қайда жатыр? Ойланатын дүние...

Бауыржан Серікбайдың фэйсбуктағы жазбасынан