28 нау, 2025 сағат 15:35

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ӘЧ-2025-те үздік үштікке кірді

Фото: El.kz

Бостонда мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров жарысты сенімді түрде бастап, қысқа бағдарламада таза әрі әсерлі өнер көрсетті. Халықаралық қазылар алқасы оның өнеріне 94,77 ұпай берді.

Бұл нәтиже Шайдоровқа жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша үшінші орынға орналасуға және еркін бағдарламаға жүлдеге үміткерлер қатарында шығуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта көшбасшы – америкалық Илья Малинин, ол өз бағдарламасын жоғары деңгейде орындап, 110,41 ұпай жинады. Екінші орын жапон мәнерлеп сырғанаушысы Юма Кагиямаға тиесілі, оның нәтижесі – 107,09 ұпай.

Медаль иегерлерін анықтайтын еркін бағдарлама Астана уақытымен 30 наурыз түнінде өтеді.