Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды. Бұл тапсырманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, борт Газиантеп қаласына барады.
Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.
"ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар", - делінген хабарламада.
Топ қажетті жабдықтармен толық жабдықталған. Сондай-ақ, оның құрамында құтқару жұмыстарын жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар мамандар да бар.