19 нау, 2020 сағат 10:07

Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, жалпы 44 науқас тіркелді» делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.