Қазақстанда тағы 1445 адамның коронавирус тесті оң шықты. 10 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 30 наурыз күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Бір күнде 17 адам өлімі тіркелген: 15 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. (Министрлік адам өлімі мен коронавирус пневмониясы көрсеткішін жариялаған кезде екі күн бұрынғы мәліметті жариялайды, нақты жағдайда - 28 наурыз күнгі мәлімет).
29 наурызда ең көп науқас Алматы қаласында тіркелген. Жалпы аймақтағы ахуал төмендегідей:
- Алматы қаласында - 33557 (бір күнде +545 жаңа науқас тіркелді)
- Нұр-Сұлтан қаласында – 30238 (+204)
- Шығыс Қазақстан облысында - 22822 (+22)
- Павлодар облысында - 19090 (+30)
- Атырау облысында - 18577 (+63)
- Қарағанды облысында - 17563 (+92)
- Ақмола облысында – 15284 (+45)
- Батыс Қазақстан облысында – 14952 (+76)
- Қостанай облысында - 13747 (+38)
- Солтүстік Қазақстан облысында - 13026 (+25)
- Алматы облысында - 13287 (+177)
- Шымкент қаласында -6758 (+13)
- Жамбыл облысында – 6373 (+25)
- Ақтөбе облысында - 5154 (+73)
- Түркістан облысында – 4478 (+8)
- Маңғыстау облысында - 4396 (+0)
- Қызылорда облысында - 4016 (+9).
2020 жылдың наурыз айынан бері 243 318 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 218 031 адам жазылған. Содан бері 3029 адам қайтыс болған.
Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Бірақ оған дейін қанша адамның коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққаны белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігі оларды пневмонияның жалпы түрінен ажырату қиын болғанын айтқан.
Содан бері 50 443 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 684 адам қайтыс болған.
Қазір 24 180 адам коронавирустан емделіп жатыр. 364 науқастың жағдайы – ауыр, 76 пациенттің хәлі – өте ауыр, 46 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, індет басталғалы бері әлемде 127 млн 581 мың адамға коронавирус жұққан. 2 млн 791 мың адам қайтыс болған. 72 млн адам жазылған.