Белгілі суретші, аниматор әрі ұстаз Алтынбек Өмірзақов дүниеден өтті, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі болған. Ол ғұмырын анимацияға арнап, отандық мультфильм өнерінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты.

Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” ұлттық киностудиясы мен “Қазақанимация” шығармашылық бірлестігі марқұмның туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтты.
Алтынбек Өмірзақов шығармашылықпен қатар ұстаздық қызметті де қатар алып жүрді. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде ұзақ жыл сабақ беріп, болашақ аниматорларға кәсіби білім мен тәжірибесін үйретті.
Ол ұлттық анимациядағы шығармашылық дәстүрлерді сақтауға, оны кейінгі буынға жеткізуге ерекше мән берген.
“Қазақфильм” мен “Қазақанимация” өкілдері суретшінің шығармашылық мұрасы мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі қазақ анимациясының тарихында сақталатынын атап өтті.
Айта кетейік, Сәкен Майғазиев анасының жағдайын сұраған желі қолдынушылары туралы айтты.
Алтынбек Өмірзақов кім?
Алтынбек Өмірзақов - қазақстандық суретші-аниматор әрі ұстаз. Ол қазақ анимациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі болған. Шығармашылық ғұмырын ұлттық мультипликацияның қалыптасуы мен дамуына арнаған. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде сабақ беріп, жас аниматорлардың кәсіби қалыптасуына үлес қосқан. Ұстаз ретінде ұлттық анимация мектебінің дәстүрін кейінгі буынға жеткізген.
Өмірзақов қазақ мультфильмдерінің тарихы мен болашағы туралы пікір білдіріп, саладағы маман даярлау мәселесін көтерген. 2019 жылы жарияланған материалда ол анимация тоқырауға ұшыраған кезеңде де Жүргенов академиясында мамандар даярлау тоқтамағанын айтып, компьютерлік анимацияны меңгерген жастардың жетістіктерін атап өткен.
2026 жылғы 17 қазанда оның дүниеден өткені хабарланды. “Қазақфильм” киностудиясы мен “Қазақанимация” шығармашылық бірлестігі марқұмның жақындарына көңіл айтып, шығармашылық және ұстаздық еңбегін атап өтті.