04 ақп, 2025 сағат 13:10

Қазақстанда су басу қауіпі жоғары аймақтар аталды

Фото: ТЖМ

Қазақстандық гидрометеорологиялық орталық «Қазгидромет» РМК 2025 жылғы көктемгі тасқын суының болжамды жағдайы туралы алдын ала болжамын ұсынды.Бұл болжам қардың еруі мен өзендер деңгейінің көтерілуіне негізделген, деп хабарлайды Ult.kz.

Абай обысында су басу қауіпі жоғары аудандарға: Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар, Мақаншы, Семей жатады. Ал тәуекел деңгейі орташа: Абай, Жаңасемей, Курчатов аудандары кіріп отыр.

Ақмола облысы бойынша  Есіл, Қалқұтан, Жабай, Селеті өзендерінде, Есіл өзенінің арнасының бойында орналасқан учаскелерде қауіп жоғары болып саналып отыр. Жоғары тәуекел: Целиноград, Аршалы, Атбасар, Астрахан, Зеренді аудандары. Ал тәуекел деңгейі орташа: Бұланды, Жарқайың, Сандықтау, Ерейментау, Қорғалжын, Бурабай, Шортанды, Есіл, Жақсы аудандары, Көкшетау, Қосшы қалалары. Су басу қауіпі төмен болып есептелетін: Ақкөл, Егіндікөл, Біржан сал және Степногорск аудандары.

Ақтөбе облысы болжамдық теңдеулердің алдын ала есептеу нәтижелері Тамды, Бестамақ ауылдарының гидрологиялық бекеттерінде және Елек өзенінің Ақтөбе бойында және Қобда ауданының Қобда және Қоғалы ауылдарының гидрологиялық бекеттерінде, Үлкен Қобда өзенінің бойында судың шекті деңгейлерінің асу қаупінің жоғары екенін көрсетеді. Сондай-ақ Хромтау, Алғын, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Мәртөк аудандарының аумақтары арқылы өтетін Ор, Темір, Ембі өзендері мен Елек өзенінің төменгі ағысында осы кезеңде су тасқыны қаупі орташа. Қызыл судың көтерілу қаупі төмен өзендер: Ырғыз, Шиелі, Қарғалы, Қосітек, Ақтасты, Қарақобда, Көкпекті.

Алматы облысы бойынша орташа тәуекел: Балқаш, Талғар, Кеген, Жамбыл аудандары, ал аз тәуекел: Алматы, Қонаев және Қарасай, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле, Райымбек аудандары.

Атырау облысы бойынша Жылыой (Ембі өзені) және Қызылқоға (Үйіл, Сағыз, Ноғайты өзендері) аудандарында су тасу қаупі жоғары. Аль Құрманғазы, Исатай, Индер мен Махамбет және Мақатта қауіп орташа деп есептеледі. Мұның ішіне Атырау қаласы аудандары да кіреді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша жоғары тәуекелі бар аудандар: Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Самара, Алтай, Ұлан, Глубоковский аудандары. Тәуекел деңгейі орташа: Қатонқарағай, Үлкен Нарын, Марқакөл аудандары, Риддер қаласының әкімшілік аумағы.

Жамбыл облысында Мерке, Жуалы және Талас аудандарындағы өзен тасқыны орташа тәуекелдерді көрсетеді.

Жетісу облысында Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу аудандарында су тасқыны қаупі жоғары. Дегенмен Панфилов, Сарқан аудандарында қызыл су басу қаупі орташа. Ал төмен тәуекел аймақтарына Талдықорған және Қаратал, Ақсу аудандары кіреді.

Батыс Қазақстан облысында Батыс Қазақстан облысының аумағында Жайық өзендерінің бойында жоғары және орташа көтерілумен су тасу кезеңі күтілетінін көрсетеді. Орал қаласы, Тасқала, Қазталов, Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым, Қаратөбе, Ақжайық аудандары мен Бәйтерек ауданы су басу қаупі жоғары аймақтар санатында. Жанғала және Жәнібек аудандары – орташа тәуекел. Төмен тәуекелге - Бөкейорда ауданы кіріп тұр.

Қостанай облысында тәуекелі жоғары: Арқалық және Жангелді, Амангелді, Наурызым, Қарасу, Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандары; Ал орташа тәуекел дәрежесі бойынша: Жітіқара, Қамысты, Федоров, Қостанай аудандары және Бейімбет Майлин атындағы аудан; Сондай-ақ, тәуекел деңгейі төмен: Қостанай, Лисаковск, Рудный және Денисовский, Қамысты, Меңдіқара, Қарабалық аудандары жатады.

Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданында су тасу қаупі жоғары болса,  Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Қармақшы, Қазалы аудандары және Қызылорда орташа қауіп бар, ал ең төменгі тәуекел: Арал ауданы.

Болжам бойынша Қарағанды облысында жоғары тәуекел: Ақтоғай, Қарқаралы, Бұқар жырау аудандары; орташа тәуекел: Нұра, Осакаров аудандары; және ең аз тәуекел: Абай, Шет аудандары.

Маңғыстау облысында су тасқыны қаупі аз. Егер жауын-шашын көп жауса су тасқыны қаупі төнуі мүмкін. 

Павлодар облысы бойынша Баянауыл ауданы жоғары су тасу қауіпі төнеді, ал Май, Аққұла, Павлодар, Ақтоғай аудандары, Ақсу қаласы және оған іргелес ауылдық аумақ, Екібастұз қаласы және оған іргелес ауылдық аумақ орташа,
төмен тәуекел: Шарбақты, Успен, Железин, Ертіс, Тереңкөл аудандары.

Солтүстік Қазақстан облысында жоғары тәуекел: Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандары;
орташа тәуекел: Тайынша, Уәлиханов, Ақжар, Тимирязев, Айыртау аудандары;
төмен тәуекел: Мамлют, Жамбыл, М.Жұмабаев, Аққайың аудандары.

Түркістан облысында жоғары тәуекел: Арыс өзені – Шәуілдір ауылы (Отырар ауданы). Тәуекел деңгейі орташа: Көкбұлақ өзені – Пістелі ауылы, Машат өзені – Кершетас ауылы, Арыс өзені – Жаскешу ауылы (Түлкібас ауданы), Келес өзені – Қазығұрт ауылы (Қазығұрт ауданы), Ақсу өзені – Көлкент ауылы (Сайрам ауданы), Шұбарсу өзені – Шұбарсу ауылы (Ордабасы ауданы), Келес өзені - сағасы (Келес ауданы), Шаян өзені - Ақбет өзенінің сағасынан 3,3 км төмен (Бәйдібек ауданы), Боралдай өзені - Боралдай ауылы (Бәйдібек ауданы), Қарашық өзені - Хантағы ауылы, Ашылған өзені - Майдантал ауылы (Сауран ауданы). Төмен тәуекел: Жабағылысу өзені – Жабағылы ауылы (Түлкібас ауданы), Ақсу өзені – Сарқырама ауылы, Сайрам өзені – Тасарық ауылы, Болдыбрек өзені – Мемлекеттік табиғи қорық кордонының маңында (Төлеби ауданы), Бөген өзені – Екпінді ауылы (Арыс ауданы), Қаттабөзен өзені – Жарықбас, Арыстанды өзені – Алғабас ауылы (Бәйдібек ауданы), Арыс өзені – Арыс бекеті (Арыс ауданы), Бадам өзені – Қызылжар ауылы (Шымкент қаласы), Боралдай өзені – Васильевка ауылы (Жамбыл облысы, Жуалы ауданы).