Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан балабақша директоры мен екі тәрбиеші көз жұмды. Бұл туралы Криминальный Казахстан telegram арнасы жазды, деп хабарлайды ult.kz.
Жол-көлік оқиғасы 15 қазанда Көкшетау – Петропавл тасжолында, Крементчуг ауылының маңында болған. Полицияның мәліметінше, кенеттен тұман түсіп, жолдағы көріну қашықтығы күрт нашарлаған. Соның салдарынан Audi автокөлігі екі КамАЗ жүк көлігінің ортасында қысылып қалған.
Апат салдарынан 48, 54 және 57 жастағы үш әйел оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі адам, оның ішінде 20 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Жүргізушінің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Ал жарақат алған екінші әйелге ота жасалып, ол ауыр әрі тұрақсыз жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, қаза тапқандар Жамбыл ауданындағы балабақшада жұмыс істеген. Олардың сапары жеке мақсатта болған.
Аталған жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.