Фото: freepik
Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінде жаңа комитет құрылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
4 қыркүйекте қабылданған Үкімет қаулысына сәйкес, бұрынғы Туризм индустриясы комитеті қайта құрылып, құрамынан Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті бөлініп шықты.
Қазір министрлікте үш негізгі комитет қызмет етеді:
- Спорт және дене шынықтыру істері комитеті,
- Туризм индустриясы комитеті,
- Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті.
Жаңа құрылым салалық мәселелерді дербес және жедел шешуге бағытталған. Қаулы 2024 жылдың 4 қыркүйегінен бастап күшіне енді.