05 шіл, 2024 сағат 11:30

Қайрат Нұртас ұшақта төбелесті


© Sputnik / Владислав Воднев


Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.


Көліктегі полиция департаменті "Алматы-Астана" бағытындағы ұшақ бортында төбелестің болғанын растады. Нұртас Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылып отыр.


"Алматы-Астана" бағытындағы әуе рейсінің бортындағы ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар қарау үшін сотқа жолданды", - дейді полицейлер.