Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға ресми сапармен барды. Сербия Президенті Александр Вучич Instagram парақшасында осы туралы суреттер жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
«Бүгін кешке маған Қазақстан Президентін қабылдау құрметі бұйырды. Достарына үшін Сербияның әрдайым есігі ашық, бұл жолы да солай болды. Біздің қонақжайлылық және жылы шырайлы дәстүрлеріміз ортақ дастархан басында көрініс табады — мұнда біз тек тағамды ғана емес, бізді біріктіретін құндылықтарды да бөлісеміз. Маған әйгілі қазақ алмасы сыйға тартылды», — деп жазды Вучич.
Қазақстан мен Сербия көшбасшылары түрлі салалардағы ынтымақтастықты талқылауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Тоқаев Сербия Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу өткізуді көздеуде.