17 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде тұман түсіп, шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде −3…−1, күндіз +10…+12 градус, жел 9–14 м/с болады. Алматыда жауын-шашынсыз: түнде +1…+3, күндіз +13…+15 градус, топырақ бетінде үсік жүреді. Шымкентте түнде +8…+10, күндіз +22…+24 градус жылы болады. Жауын-шашын күтілмейді, түнде жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысында кешке аздаған жаңбыр жауады, Ұлытауда жауын-шашын болмайды. Күндіз солтүстік пен шығыста негізінен +3…+12, Қостанай, Қарағанды және Ұлытау облыстарында +10…+18 градус болады. Қарағанды мен Шығыс Қазақстанның кей аудандарында түнде −9 градусқа дейін суытады.
Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында жаңбыр, Маңғыстауда шаңды дауыл күтіледі. Ақтөбеде жауын-шашынсыз. Батыста күндіз +17…+28 градус болады. Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың кей аудандарында үсік жүріп, тауда тұман түседі. Күндіз +12…+25 градус жылы болады. Алакөл маңы мен Жамбыл облысында жел екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.