14 ақп, 2024 сағат 21:22

Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Мәжілісі алдында сөз сөйлеген алғашқы шетелдік басшы болды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Катарға мемлекеттік сапармен барды және Консультативтік кеңестің (Шура Мәжілісі) алдында сөз сөйлеген бірінші шет мемлекеттің басшысы болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл сапардың тағы бір ерекшелігі – 2015 жылдан бергі Дохаға жасалған жоғары деңгейдегі алғашқы екіжақты ресми іс-шара. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы достық мемлекетке Катар экономикалық форумына қатысу үшін жұмыс сапарымен барды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани арасында өзара сенімге негізделген байланыстар орнаған. Атап айтқанда, 2019 жылдан бері екі ел басшылары 8 рет кездесті.