Қарағанды облысында коронавирустан екінші науқас қайтыс болды. Ол - 1958 жылы туған Шахтинск қаласының тұрғыны, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аталған азамат 5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық госпитальға түсткен. 14 сәуірде ҰМКО шешімі бойынша расталған СОVID-19 диагнозымен Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырылған.
Екі жақты пневмония ауыр өткен. Науқас 19 тәулік бойы ем алып, дәрігерлердің жасаған жұмысына қарамастан, 3 мамырда науқас қайтыс болды.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустан барлығы 26 адам қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 8, Шымкентте - 4, Ақмола облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 2, Қостанай облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Түркістан облысында 1 адам қайтыс болған.
Барлығы 3877 адамға вирус жұққан. Мыңға жуығы жазылған.