Отандық шоу-бизнесте тағы бір дау шықты. Қайрат Нұртастың концертіне кіре алмаған көрермендер наразылық білдіріп жатқанда, музыкант Ақсұңқардың Threads желісіндегі жазбасы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі өзінің сахнада гитара тартып, еркін жұмыс істейтінін айтып, қарапайым халықтың қиындықтарына қатысты пікір білдірген. Сондай-ақ былтыр өзіне жарияланған бойкотты еске алып, қазіргі жағдайды соның “кармасы” деп бағалаған.
“Маған емес, өздеріңе қиын болады, эгом сондай”, – деген сөзі желі қолданушыларына ұнамаған.
Жазбаға ашуланған оқырмандар музыкантты сынап, оған қайтадан бойкот жариялауға шақырды. Атап айтқанда, @gauhar.oralbek есімді қолданушы өнер иесіне нағыз бойкоттың қандай болатынын көрсету керектігін жазған.
Көпшіліктің сынынан кейін Ақсұңқар кешірім сұрап, ойын дұрыс жеткізе алмағанын мойындады.
“Сәл сөз құрай алмайтыным бар, мойындаймын. Ойымды дұрыс жеткізе алмай, әрдайым осылай таяқ жеп жүрем”, – деп түсіндірді ол.
Музыкант шынайы өмірде қарапайым адам екенін айтып, жазбасының көпшілікке жағымсыз әсер қалдырғанына қатысты пікір білдірді.
Алайда оның алғашқы мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Айта кетейік, Әнші Argonya концерттегі әрекетіне түсініктеме берді.
Ақсұңқар кім?
Ақсұңқар – қазақстандық әнші, гитарист әрі музыкант. Ол көпшілікке танымал әнші Қайрат Нұртастың шығармашылық ұжымында өнер көрсетуімен және әлеуметтік желідегі белсенділігімен танылған.
Музыкант жеке шығармашылығымен де айналысады. Оның репертуарында “Мойыл көз”, “Qagaz qalam”, “Ойлай”, “Бара алмаймын” әндері бар. Сондай-ақ Қайрат Нұртаспен бірге “Мені қимайсың енді” әнін орындаған.
Ақсұңқардың жеке өмірі де бұған дейін көпшіліктің назарында болған. Ол әнші Арайлым Әбілсейітпен отбасын құрған. 2024 жылы Арайлым “Taboo” подкастында отбасылық өміріндегі қиындықтар мен өнерден кету туралы шешімін айтқан.