16 сәу, 2020 сағат 18:35

Қандай адамдарға 42 500 теңге әлеуметтік көмек берілмейді?

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы «42 500 теңге» төлемін тағайындау ережесіндегі өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәліметке сай, әлеуметтік төлемді мына адамдар ала алмайды: 

- ТЖ енгізілгенге дейін Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған азаматтар (олар үшін жұмыс берушілер немесе өзі үшін ЖК аударым жасамаған);

- Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған БЖТ төлеушілер (ресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар ТЖ енгізілгенге дейін төлеу керек болса, бейресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар әлеуметтік төлемге өтінім берер алдында БЖТ төлеу керек);

- АҚС шарттары бойынша табыс алатын, бірақ ТЖ енгізілгенге дейін зейнетақы жарнасын жасамаған жеке тұлғалар;

- екі жұмыс орнында жұмыс істеген азаматтар, соның ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар, егер олар бір жұмыс орнында болсын қашықтан жұмыс істеуді жалғастырса;

- ТЖ енгізілгеннен кейін БЖТ алғаш төлеген азаматтар, егер олар зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды алатын болса;

- басқа елге тұрақты тұруға көшуге байланысты тіркеуден шығарылған адамдар.