Фото: ашық дереккөз
Израиль Қорғаныс Армиясы (ЦАХАЛ) сенбі, 26 қазан күні таң алдында Ирандағы белгісіз әскери нысандарға жауап ретінде шабуыл жасағанын хабарлады.
«Иран режимінің Израиль мемлекетіне бірнеше ай бойы үздіксіз шабуылдарына жауап ретінде Қорғаныс Армиясы дәл қазіргі сәтте Ирандағы әскери нысандарға нысаналы соққылар жасап жатыр», — деп ЦАХАЛ мәлімдемесін DW агенттігі келтірді.
Иранның бұқаралық ақпарат құралдары Тегеран мен астананың бір шетінде тұрғындардың жарылыс дыбыстарын естігенін хабарлады.
Иранның мемлекеттік телеарнасында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің жұмысы болуы мүмкін деген нұсқа айтылды.
NBC News мәліметінше, нысанаға Тегерандағы казарма және қару-жарақ қоймасы алынған.
Ирандық ақпарат көздері соққы жасалған нысандар арасында Ислам революциясының сақшылар корпусының (КСИР) командалық пункті болғанын хабарлады.
26 қазан күні таңертең Израиль армиясының өкілдері Ирандағы операцияның аяқталғанын мәлімдеді.
«Біздің ұшақтарымыз аман-есен үйлеріне оралды. Жауап соққысы аяқталды, миссия орындалды», — делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.